Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адамнан 24 келі гашиш пен 200 келі марихуана тәркіленді

Қарағандыда ер адамнан 24 келі гашиш пен 200 келі марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аумақтық бөліністерімен тұрақты түрде өңірге әкелінетін есірткі тасымалының алдын алу, есірткі арналарын жабу бойынша арнайы операциялар жүргізіліп отырады.

Мәселен, Қарағанды қалалық Полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөліміне қала тұрғынының бірі есірткі сақтауға қатысы бар екендігі туралы ақпарат түсті. Аталған ақпарат бойынша тыңғылықты дайындалған операция барысында қаладағы аудандардың бірінде 37 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік ұсталды. Оған жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктің алдындағы бөлігінен төрт орам қара қоңыр зат табылса, артыңғы орындықтан он орам көкөніс тектес зат табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 275 грамм гашиш пен 9,8 келі кептірілген марихуана есірткі заттары екені белгілі болды.

– Анықталғандай, ұсталған азамат қалада авто жуу және дөңгелек жөндеу орнын жалға алған. Сол жерлерге жүргізілген тінту жұмыстары барысында тоғыз қап өсімдік тектес зат пен үш қап қара қоңыр зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың 23 келі 584 грамм гашиш, 190 келі 146 грамм марихуана есірткі заттары екені белгілі болды. Күдіктіден алынған есірткі заттарының жалпы салмағы – 24 келіге жуық гашиш, 200 келі марихуана. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру