Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда компьютер клубына келушінің телефонын жымқырған күдікті анықталды

Қарағандыда компьютер клубына келушінің телефонын жымқырған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 20 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жас жігіт арызында компьютер клубына барғанын, сол жерде белгісіз біреу шамалы уақытқа қараусыз қалған ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгеге бағаланған.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен “ізін суытпай” 21 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру