Павлодар облысында мас жүргізуші бағанға соғылды
Павлодар облысында мас жүргізуші бағанға соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қаңтарда сағат 15.00 шамасында Павлодар ауданы Луганск ауылының учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғындарынан белгісіз біреу бағанға соғылды деген хабарлама келіп түсті.
– Көрсетілген мекенжайға дереу учаскелік полиция қызметкері келді. Жүргізуші сол жерде ұсталды. Ол артқы жүріспен маневр жасап, бағанға соғылғаны анықталды. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Тексеру полицияның болжамдарын растады. Жүргізуші орташа дәрежеде мас болған, – деді Павлодар аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Мұстафинов.
Полиция аталған құқық бұзушылық бойынша 36 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті.
Сот қаулысымен жүргізуші 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.