Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда монша қызметкері клиенттің алтын сырғасын ұрлап кетті

Қарағандыда монша қызметкері клиенттің алтын сырғасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші моншада болып, үйіне келгенде алтын сырғасының жоғалғанын білген. Келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-іздестіру тобының қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен монша жұмысшысы – 61 жастағы әйелді ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру