Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Қарағандыда өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 ақпанда Қарағанды ​​қаласы ПБ Михайлов полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгілі бір әйелдің алаяқтық әрекетінің құрбаны болғанын хабарлады.

Күдікті тауар алуда делдалдық қызметтерді ұсынып, жәбірленушіге теледидар және бейне жабдықтар алып бермек болған. Жәбірленушінің жеке деректеріне қол жеткізген алаяқ оның атынан бір миллион теңгеге несие рәсімдеп, жоғалып кеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

25 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған әйелдің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру