Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді

СҚО полицейлері “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе халық жиналатын орындарды тексерді. Қонақ үй және монша кешендері, ойын-сауық орындары – сексуалдық пайдалану фактілерінің жасалу мүмкіндігі жоғары барлық орындар басты назарда болды. Екі саунада жеңгетайлық фактілері анықталды. Сондай-ақ, қайыршылардың жүретін жері – сауда орталықтарының маңы, базарлар мен вокзалдар тексерілді. Олар еңбек күшін пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында назарға алынды. Аталған фактілер анықталған жоқ, дей тұрғанымен, облыс бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 46 хаттама толтырылды. Бұзушылардың басым бөлігі – масаң күйде болған адамдар.

– Облыста өткізілген STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі осындай. Оның мақсаты — адам саудасымен, сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеу және еңбекке тартумен байланысты қылмыстарды анықтау мен жолын кесу. Егер де осындай фактілер туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда 116-16 адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі “қызу желіге”, “102” арнасына немесе “102” мобильді қосымшасына хабарлауды сұраймыз, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру