Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер кабель ұрлағандарды ұстады

Қарағандыда полицейлер кабель ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 желтоқсанда сағат 11.00 шамасында Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, кабельдің орамасын көтеріп келе жатқан жігітті ұстады. Полицейлерді байқаған ол жүкті тастап, қашып кетпек болған. Ұсталған күдікті – 21 жастағы жігіт көпқабатты үйлердің бірінен мыс кабельді кесіп алғанын мойындады.

Қосымша тергеу амалдарын жүргізу үшін ұсталған азамат Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті осыдан бір ай бұрын тағы бір көпқабатты үйдің шатырынан кабельді ұрлап, дәл осындай қылмыс жасағаны белгілі болды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 68 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру