Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық әйелге шабуыл жасап, ақшасын тартып алған

Әйел адамға шабуыл жасаған азаматты қарағандылық полицейлер қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне 58 жастағы азаматша арызданған. Азаматша, қала көшелеріндегі банкоматтардың бірінен 10 мың теңге ақша шешіп алып, көлікке отыра бергенде белгісіз азамат жүгіріп келіп, жәбірленушіні итеріп жіберіп, қолындағы ақшаны тартып әкеткен. Оқиға кешкілік уақытта және ойламаған жерде болғандықтан жәбірленуші полиция қызметкерлеріне күдіктінің киген киімімен шамамен жас аралығын ғана сипаттап берген.

Қылмысты ашу және күдіктіні қолға түсіру бағытында жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру