Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтандық ер адамдар қылмыс жасау барысында қарағандылық полицейлердің қолына түсті

Қарағандылық полицейлер кабельдерді ұрламақ болған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкі қызметкерлерімен қала орталығында түнгі сағат 2.00 шамасында қызмет атқару барысында Ержанов көшесінің бойында орналасқан дүкеннің маңында күдікті екі азаматты байқаған. Полиция қызметкерлері бірден оларды ұстап алған. Қос азаматтың 29 және 51 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары екендігі анықталды. Екеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Алдын ала тексеру барысында олардың дүкеннің жанында орналасқан контейнердің құлыбын бұзып, оның ішіндегі кабельдерді ұрламақ болып жатқандығы анықталды. Полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында қаскөйлер ойлаған ойын толық жүзеге асыра алмады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру