Қарағандылық алаяқ бейтаныс азаматтың атына екі несие ресімдеген
Қарағандыда бейтаныс азаматтың атына екі бірдей шағын несие ресімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қыркүйек күні Қарағанды қаласының полицейлеріне 24 жастағы қала тұрғыны белгісіз біреудің оның жеке деректерін пайдаланып, жалпы соммасы 120 мың теңгеге екі шағын несие ресімдегені туралы арызданған.
11 қазан күні жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Теміртау қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.