Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылыққа шабуыл жасаған жігіт жауапқа тартылуда

Қоғамдық орында тонау жасаған күдіктіні “ізін суытпай” қарағандылық тәртіп сақшылары ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 14 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 24 жастағы азамат хабарласып, кешкілік үйіне қайтып келе жатқанда оған белгісіз біреу шабуыл жасап қорқытып, қалтасындағы үш мың теңге ақшасымен ұялы телефонын тартып әкеткендігі туралы арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, өзіне шабуыл жасаған күдікті шамамен 20-25 жас аралығында екені айтылды.

Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен “ізін суытпай” 19 жастағы азамат ұсталды. Оның бұрын осындай қылмыс жасап сотты болғаны анықталды. Күдіктіден ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру