Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық көшеде қыздың ұялы телефонын тартып алған

Теміртаулық тәртіп сақшылары тонау қылмысын жасаған азаматшаны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескі қалалық полиция бөліміне кешкі сағат 19.00 шамасында Теміртау қаласының Мира көшесінің бойында белгісіз азаматша 17 жастағы қыздан ұялы телефонын тартып әкеткендігі туралы хабарлама түсті.

Арада бірнеше минут өткен соң оқиға орнына сол маңдағы патрульдік полицияның нарядтары жіберілді. Жәбірленушіден күдікті азаматшаның қандай киімде болғанын шамамен жас аралығын білген тәртіп сақшылары оны ұстау бойынша тиісті жұмыстар атқарды. Атқарылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында қала көшелерінің бірінен полиция қызметкерлері күдіктіге ұқсас азаматшаны байқаған. Полицияны көрген азаматша бірден басқа көшеге қарай қаша жөнелді. Алайда бірден ізіне түскен полиция наряды оны қолға түсірді.

Алғашында тонау қылмысына қатысым жоқ деген азаматша, жәбірленушімен танылған соң тонап кеткен ұялы телефонды қайтарды.

Бүгінде аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру