Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қарасора – 2023” іс-шарасы: Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 2 тоннадан астам есірткі алынды

Қызылорда облыстық ПД “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым мен 31 қазан аралығында республика көлемінде “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара кезінде Қызылорда облысы полиция департаментімен ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесінде: 163 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 10 есірткі өткізу, 16 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 1 есірткі жарнамалау, 62 есірткі өсіру дерегі және 74 теріс қылық анықталды. Заңсыз айналымнан 2 тонна 284 келі 959 грамм есірткі заты алынды.

Далалық аймақтардан егіп-бапталған 22 ірі есірткі алқабы табылса, үй, бау-бақша, саяжай аулаларынан 40 дерегі анықталған. Есірткі өсірумен айналысқаны үшін 61 адам құрықталса, оның 24-і қамаққа алынды.

10 тоннаға дейін сапасы жоғары марихуана шикі өнімінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.

Маусым айынан бастап баруы қиын құмды далалық аумақтарға 42 рет әуеден шолу жұмыстары жүргізілді. Бірлескен іс-шаралар нәтижесінде есірткі алқабының 14 дерегі анықталды.

Іс-шара кезінде Қызылорда қаласына кіре-беріс тасжолдарда құрылған жылжымалы мобильді бекеттерде автокөліктерді қызметтік иттердің көмегімен тексеру барысында есірткі тасымалдаудың 27 дерегі, оның ішінде Орал, Ақтөбе, Атырау қалаларынан аса ірі мөлшерде тасымалдаудың 3 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру