"Қарасора - 2026": Атырауда жастар көп шоғырланатын орындар тексерілді
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кинологиялық қызмет орталығының кинолог-инспекторларымен бірлесіп, 1 маусымнан бастау алған "Қарасора - 2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жастар көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары мен түнгі клубтарда профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында қызметтік-іздестіру иттері қолданылып, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Аталған жедел-профилактикалық іс-шара өз жалғасын тауып, өңір аумағында есірткі қылмыстарының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
