Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару” ЖААІШ: Павлодар облысында 12 адам жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 12 адам жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық полицейлер қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың заңсыз дайындалуы мен айналымына қарсы әрекет етуге бағытталған “Қару” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды.

– Іс-шараның үш күнінің қорытындысы бойынша полиция өрескел бұзушылық жасағаны үшін қару иелерінен 5 атыс қаруы, 10 оқ-дәрі тәркіледі. Операция барысында тәртіп сақшылары 12 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сонымен, 26 тамызда шамамен 18.55-те полиция қызметкерлері Ақсу қаласында М. Әуезов көшесінде 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оның сыртқы тексеру барысында 5,45 мм калибрлі екі патроны табылып, тәркіленді.

Тағы бір жайт Павлодар қаласының Қаз.Правда – Ж. Мұса қиылысында орын алды. Полицейлер облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын ұстады, оның қалтасынан 7, 62Х39 мм калибрлі екі патрон тәркіленді.

Сонымен қатар, Павлодар қаласының маңындағы Набережное ауылының 43 жастағы тұрғынынан Циолковский көшесіндегі үйдің жанынан аңшы мылтығы тәркіленді. Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізіледі. Баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ, Железин ауданының Мыңкөл ауылында 28 жастағы ауыл тұрғынынан нөмірлік белгілері жоқ 16 калибрлі, ТОЗ-63 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы алынды.

“Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Аққулы ауданы ПБ қызметкерлері Шарбақты ауылынан 7 шақырым жерде қарбыз алқабында ВАЗ-2106 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік салонынан 16 калибрлі, белгісіз маркалы тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық табылып, алынды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру