Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қателік пен сабақ: Ақтөбеде студенттер сотталғандармен телекөпір арқылы тілдесті

Ақтөбеде студенттер сотталғандармен телекөпір арқылы тілдесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қ. Жұбанов атындағы университетте студенттер мен сотталғандардың қатысуымен телекөпір ұйымдастырылды. Іс-шара жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сананы қалыптастыру және заңға бағыну құндылықтарын нығайтуға бағытталды. Кездесуге 600-ден астам студент қатысты.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Сотталғандар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қылмыс жасауға итермелеген себептерді, қабылданған шешімдердің салдарын, сондай-ақ өмірлік ұстанымдарын қайта қарап, заңға бағынатын өмірге оралу жолындағы қадамдарын баяндады.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқыққа қарсы әрекеттер үшін жеке жауапкершілік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар олар ойланбай жасалған әрекеттердің қандай ауыр салдарға әкелетінін нақты мысалдар арқылы түсінуге мүмкіндік алды.

Іс-шара аясында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, білім алудың маңыздылығы, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделу үдерісінде мемлекет пен қоғам тарапынан көрсетілетін қолдаудың рөліне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер жастар арасында қылмыстық мінез-құлыққа төзбеушілік қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру