Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз қала”: Жетісу облысындағы жедел-профилактикалық іс-шара қорытындыланды

Текелі қаласының аумағында өз бастамасы бойынша “Қауіпсіз қала” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараға “Жақсылық жаса” еріктілер тобының мүшелері, прокуратура, әкімдік және Текелі қаласының пробация қызметінің өкілдері қатысты.

–Іс-шараның мақсаттары мен бағыттары қылмысты азайту, жол қозғалысы және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер мен мас күйде жасалған қылмыстың, сондай-ақ есептегі тұлғалармен есірткіден масаю күйінде қару қолдану арқылы жасаған қылмыстарын алдын алу. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ алаяқтықты алдын алуға ерекше назар аударылды, – деп атап өтті ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.

Рецидивтік қылмыстың алдын алу шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары және пробацияда есепте тұрған тұлғаларды қоса алғанда, есептегі тұлғаларға тексеру жүргізілді. Тексерумен 191 есепті тұлға қамтылды.

Сонымен қатар “Мотоцикл” және “Автобус” іс-шаралары аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала жолдарындағы апатты жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жандандырылды. Профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша қолайсыз отбасылар тексерілді.

Барлығы 288 есептегі тұлғалар тексерілді, оның ішінде: шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған (УДО) – 9 адам; әкімшілік қадағалау – 1 адам; пробация – 33 адам; бұрын сотталғандар – 17 адам, маскүнемдер – 108 адам; нашақорлар – 7 адам; сот шешімінсіз бақылау (НБС) – 6 адам; кәмелетке толмағандар (НЛ) – 6 адам.

Азаматтық қару иелеріне де тексеру жүргізілді – барлығы 48 қару иесі, сондай-ақ 4 балалар лагері тексерілді.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы саласындағы заң бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылды. Барлығы 17 нысан және Текелі қаласының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары тексерілді. Қалада барлығы 386 шетелдік азамат тұрады, оның ішінде үйді тексеру кезінде 29 мекенжай бойынша тұратын 87 адам болған.

Қауіпсіз қала” акциясы барысында кәмелетке толмағандарға байланысты 24 бұзушылық анықталды. 

Сондай-ақ интернет-алаяқтық пен бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді: 18 көше, 280 үй және 15 көпқабатты үй, оның ішінде 150 пәтер тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру