Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” ЖАІШ қорытындысы: ШҚО-да 6 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

ШҚО-да “Қауіпсіз жол” облыстық жедел алдын алу іс-шарасы барысында 6 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 16-19 маусым аралығында жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға және көшелер мен жолдарда құқықтық сана мен тәртіпті арттыруға бағытталған “Қауіпсіз жол” облыстық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында 5 818 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде мас күйінде басқарғаны үшін 58 жүргізуші ұсталды.

115 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 65 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, 50 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері алынды.

Апаттылық жағдай талдауына сәйкес жол-көлік оқиғаларының негізгі түрі жаяу жүргіншіні қағып кету болып табылады, мәселен жедел алдын алу іс-шарасы кезінде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзудың 400 фактісі және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 096 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру