Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазалыда пәтер ұрысы бас бостандығынан айырылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданының 25 жастағы тұрғыны 2020 жылдың 11-30 маусымы аралығында Әйтеке би кенті тұрғындарының үй-жайларына заңсыз кіріп, пәтер ұрлықтарымен  айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге жалпы сомасы үш миллионнан астам теңгеге мүліктік залал келтірілген.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен (Тұрғын үй-жайға бірнеше рет кіру арқылы бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқыру)  қылмыстық іс қозғалып, ол айыптау қорытындысымен сотқа жіберілді.

Қазалы аудандық сотының үкімімен айыпталушыға төрт жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот айыпталушыны жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуге міндеттеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру