Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан мен Түркіменстан Ішкі істер министрліктері қылмысқа қарсы күрес саласында меморандумға қол қойды

Түркіменстан делегациясының Қазақстанға сапары аясында екі елдің ішкі істер министрлері Марат Ахметжанов пен Мұхаммет Хыдыровтың кездесуі өтті. Бұл – көрші мемлекеттің ІІМ басшылығының елімізге алғаш рет келуі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Марат Ахметжанов өзара сенім мен достық жағдайындағы қазақ-түркімен ынтымақтастығының дамуын жоғары бағалады.

– Екі ел арасындағы серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткім келеді. Қазақстан мен Түркіменстанның ішкі істер органдары арасында да ынтымақтастық жолға қойылған. Ол үшін бізде жеткілікті құқықтық база бар. Іздестіру жұмысы саласында өзара байланыстамыз. Биыл Қазақстанда Түркіменстанның сұрауы бойынша алты қылмыскер іздестіріліп, табылды, – деді ведомство басшысы.

Өз кезегінде Мұхаммет Хыдыров Түркіменстан екі елдің ішкі істер органдарының өзара іс-қимылын нығайтуға және дамытуға ниетті екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар қылмыстың алдын алу, оған қарсы күрес және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы Меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар Түркіменстан ІІМ делегациясы қазақстандық полицияның қылмыстың алдын алуға және осал бағыттар бойынша жүйелі профилактика жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа талдау жүйесімен танысты.

Елордалық полиция департаментінің жедел басқару орталығында қонақтарға “102” қосымшасы және “дабыл түймелерінің” жұмысы көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру