Сотталғандар қалай тамақтанып жүр
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Алмас Шамишев, департаментке бағынысты КА-168/2 қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіндегі сотталғандардың қандай тағамнан дәм татып жүргенін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы мекемеге бару кезінде азық-түлік сақталатын қойманы аралап, ет сақтауға арналған қойма мен сотталғандарға түскі және кешкі ас дайындалатын орын, нан пісіретін цехтарда болды. Сатып алынатын тамақ өнімдерінің сапасын, оларды сақтау шарттары мен дайындалатын тағамның сапасын, ас мәзірін, ыдыстарды жуатын орындар мен тазалауға арналған дезинфекциялық құралдардың жеткіліктілігін тексеріп, аспаздардың сыртқы түріне және санитарлық талаптарға мән берді. Дайындалған астың дәмін көріп, құнарлылығына көз жеткізді.
Департамент бастығы мекеменің шаруашылық қызметіне жауапты қызметкерлерге, эпидемияға қарсы режимді күшейтуге және тәртіп гигиенасын қолдауды тапсырып, мекеменің асханасында жұмыс жасайтын сотталғандарға дайындалатын тағамның сапасының осы күйі сақталуын және оны дайындау кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға қосымша нұсқаулар мен тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, КА-168/2 қауіпсіздігі орташа мекемесіне бару кезінде ҚАЖ департаментінің бастығы А. Шамишев, ондағы жазасын өтеуші Е., Г., және Ш., есімді сотталғандардың өтініштерін қарау кезінде аталған сотталғандардың дәлелдері расталмады.