Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ зейнеткерлері Қызылордадағы тергеу изоляторының қызметкерлерімен кездесті

ҚАЖ зейнеткерлері Қызылордадағы тергеу изоляторының қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ саласының зейнеткерлері Қанат Исмайлов, Бағдат Тұрғанбеков пен Ержан Ұлымбаев төтенше жағдай кезінде күшейтілген режиммен жұмыс жасаған ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамына келіп, қызметкерлерге моральдік тұрғыда қолдау көрсетіп, қиындықтарды бірге еңсеруге шақырды. Сондай-ақ, күшейтілген режиммен жұмыс жасап жатқан әріптестеріне ас-су әкеліп берді.

– Біз – бір елдің азаматтары ретінде бір-бірімізге қолдау білдіруіміз қажет, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар бүгін біздің ізімізді жалғап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында өзіміз жұмыс жасаған тергеу изоляторында қарқынды еңбек етуде. Осындай қиын шақта ел ұландары мен мекеме басшылығын моральдік тұрғыдан қолдауды жөн көрдік, – дейді  зейнеткерлер.

Осылайша, ҚАЖ ардагерлері қызметкерлердің ортасына келіп, оларға жігер берді. Сондай-ақ, олар өз еріктерімен басқа да зейнеткерлерден топ құрып, патрульдеуге дайын екендігін жеткізді.

Мекеме бастығы А.Тасқараев зейнеткер қызметкерлердің ағалық жолы мен үлгі өнегесіне разылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру