Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ақмолалықты ұрып-соққан күдіктіні ұстады

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының тұрғынына дене жарақатын салған күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, 6 қаңтарда сағат 23.00 шамасында сауда үйлерінің бірінің жанында белгісіз адамдар оған еш себепсіз дене жарақатын салғаны туралы хабарлады. Ер адам ауруханаға жүгінді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында көкшетаулық жедел уәкілдер бұзақылық әрекеттер жасаған күдіктілердің бірін анықтады. Ол Көкшетау қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиға болған екінші адамның орналасқан жері анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру