Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкерлері 90 жастағы зейнеткерге көмек көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД Айыртау ауданының пробация қызметкерлері Саумалкөл елді-мекенінің тұрғыны Көпей апаға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Мен тыл еңбеккерімін. Көпті көрдім,түйдім, бірақ қазіргі уақытта тұрмысым қиынға соғып жүр – дейді Көпей апа.

Қайсарлық қасиетінің күшіне сүйене отырып, біраз жыл совхозда сауыншы болып жұмыс істеген, бүгінгі күнде де жұмыс істейін десе, денсаулығы жол бермейді. Шынымен, көз айнасына қарап ауыртпалықты көрдік, соған қарамастан әрдайым жүзінде шуақ, көңілінде бақыт. Жуырда Көпей апа 90-ға келді.

Қаржылық жағдайы мәз емес, қазіргі таңда немерелері мен шөбелерін асырап отыр. Бес баласы және 13 немересі бар. Көп жыл бұрын бір баласы дүние салған, балаларын өзінің қамқорлығына
алған. Немерелері өсе келе , шығындар да көбейе берді.Сондықтан, ҚАЖД қызметкерлері қайырымдылық #bizbirgemiz акциясын жалғастыруға бел буды. Еріктілер қатарындағы сотталғандар , “Айыртау жастары” еріктілер клубы, сонымен қатар Айыртау ауданының жастар ресурстық орталығы зейнеткерге азық-түлік апарды.

Қайырымды жандарға Көпей апа ыстық лебізін білдіріп, алғысын айтты.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру