Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазіргі заманға сай балдақтар істі болған мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді

Шығыс Қазақстан облысында істі болған мүмкіндігі шектеулі жандарға қазіргі заманға сай балдақтар ұсынылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Мүгедектерге денсаулығы жағынан да әлеуметтену тұрғысынан да өзін жақсы сезінуге көмектесетін белгілі бір шаралар қабылдауға болады.Бұл шаралар жеке оңалту бағдарламасы деп аталатын құжатта белгіленген. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтарында шыққан бұйрығымен “Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселері” бойынша жеке оңалту бағдарламасы жасалды.Мүгедектерді медициналық кәсіптік және әлеуметтік оңалту мемлекеттік органдардың медициналық әлеуметтік сараптамасының негізінде анықталған жеке оңалту бағдарламасымен жүзеге асырылады. Мүгедектерге ұсынылатын жеке оңалту бағдарламасында оңалту шараларын өткізудің нақты көлемі,түрлері мен шарттары,әлеуметтік көмек түрлері анықталған. Осы заңға сәйкес “жеке оңалту бағдарламасы” темір тордың арғы жағындағы жазасын өтеп жатқан мүгедек сотталғандарға да көрсетіледі.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы ҚАЖД-ға қарасты ОВ 156/6 мекемесінде жазаларын өтеп жатқан үш мүгедек сотталғанға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мекеменің медицина бөлімінің қызметкерлерінің өтінішімен қазіргі заманға сай балдақтар ұсынылды.

Істі болғандардың айтуынша,мұндай бағдарлама әр мүгедек адам үшін өте маңызды. Өйткені толыққанды өмір сүре алмасақ та, осы мемлекетіміздің осындай бағдарламаларының арқасында мүгедек адамдарға берілетін техникалық қозғалыс құралдарының пайдасы көп тиюде деп өз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру