Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кімнің автокөлігі айыппұл тұрағында?

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Павлодар полицейлері 1000-ға жуық әкімшілік тәртіп бұзушылықты анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері 1000-ға жуық әкімшілік тәртіп бұзушылықты анықтады. Оның ішінде аймақ жолдарында тәртіп бұзушылыққа жол берген 40 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Мәселен, Ақсу қаласында 26 жастағы қала тұрғыны басқаруындағы “ВАЗ 21144” автокөлігі тоқтатылды. Ол бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кетті.Ұсталған кезде жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Сонымен қатар құжаттары болмаған.Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  608, 612, 230 және 599-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізуші сот шешімі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды.

13.02.2020 жылы сағат 13.17 шамасында облыс орталығында 22 жастағы жүргізуші басқаруындағы “Ауди 80” автокөлігі тоқтатылды. Оның көлік басқару құжаттары мен сақтандыруы болмаған. Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612 және 230-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік айып тұрағына салынды.

Тағы 11 жүргізуші мас күйінде рөлге отырған.Көлік басқару құқығынан айырылған 43 жүргізуші көлік құралын басқарған. Қарауылдау кезінде белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 58 адам, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 57 адам, жаяу жүргіншілерге жол бермегені  үшін 24 адам, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды қолданған 83 адам, техникалық байқаудан өтпеген 27 адам ұсталды. Белгіленбеген жерлерде жолды кесіп өткен 98 жаяу жүргінші де анықталды.Алдын алу іс-шарасының аяқталуына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі.

Жолда жүру ережесін бұзбаңыз!Есіңізде болсын: сізді үйде отбасыңыз күтіп отыр!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру