Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта екі бас сиырды ұрламақ болған үш жігіт ұсталды

Қазығұртта екі бас сиырды ұрламақ болған үш жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, ірі қара малдарын белгісіз біреулер ұрламақ болған. Алайда өзін көріп қалғанын байқаған ұры оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары қылмыс жасауға оқталғандарды ұстау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар көрген-білгендерден жауап алып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, аталмыш қылмысқа қатысы бар үш күдіктіні анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті үш жас жігіт таңғы уақытта тұрғынның ауласынан екі бас сиырын айдап кетпек болған. Алайда оны тұрғынның бірі көріп қалып, ұрыларды тоқтатуға оқталады. Осы кезде күдіктілер бой тасалап, қашып үлгереді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктілердің бұдан басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Жас жігіттерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру