Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдағы қауіпсіздік – ІІМ подкасты

Жаз – демалыс уақыты. Жылдың осы мезгілінде көптеген адамдар өз қалаларынан отбасыларымен демалуға, жақындарына, туған-туыстарына қонаққа барады.

Осындай саяхатшылар көбінесе автокөлікті пайдаланады. Қазақстан әлем мемлекеттері арасында жер көлемі бойынша тоғызыншы орында екенін ескерcек, елімізде шығу нүктесінен келу нүктесіне дейінгі қашықтық өте үлкен.

Әдетте демалыс маусымында дәстүрлі түрде қалааралық және аймақаралық қатынастардағы көлік құралдарының трафигі артады, бұл ең қайғылы жол-көлік оқиғалары қаупін күшейтеді. Полиция жол-көлік оқиғаларын азайту үшін не істейді және жолдардың жағдайы, инфрақұрылым, жол белгілері мен билбордтар қандай рөл атқаратындығы жөнінде бүгін ІІМ алаңында сағат 11:00-де подкаст қатысушылары – ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев, Комитеттің жол қауіпсіздігі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мен ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Лаура Жакупова талқылайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру