Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тас жолда қой ұрлаған жігіттер анықталды

Ақтөбе облысында сойылған қойдың еттерін қапқа салып, көлікке тиеп алған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қазан күні сағат 16:00-де Ақтөбе-Астрахань тас жолының 12-шақырымында рота патрульдік полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының 22 жастағы тұрғынының басқаруындағы “ВАЗ – 21104” автокөлігін тоқтатқан. Көлік ішінде екі жігіт болған.

Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан бес сойылған қой салынған қаптар табылды.

Ұсталғандар өткен түнде Темір ауданының Бірлік ауылында қорадан қой ұрлағандарын мойындады.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша тергеу жүргізілуде, ұрланған заттар тәркіленді.

Ақтөбе облысы ПД азаматтарға мал ұрлығын болдырмау үшін малды қараусыз қалдырмауға және қора орындарын қорғау құралдарымен жабдықтауға кеңес береді. Ұрлық орын алған жағдайда, дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру