Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоқысты терезеден лақтырған павлодарлық жауапқа тартылды

Қоқысты терезеден лақтырған павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының Гагарин көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары көшіп келген жаңа көршінің іс-әрекетіне полицияға шағымдануға мәжбүр болды.

– Көрші терезеден қоқыс лақтырып, үйдің басқа тұрғындарының ескертулерін елемейді , – деп қала тұрғыны шағымданды.

Шақыртуға келгенде полиция қызметкерлері бірінші қабаттың терезелерінің астында түрлі қоқыс жатқанын анықтады. Тәртіп сақшыларымен әңгіме барысында аталған пәтердің иесі үйден түсіп, қоқысты қоқыс контейнеріне апаруға ерінгенін айтты.

Ауланың ластануына екінші шағым Ломов көшесінің тұрғындарынан келіп түсті. Әйел аулаға көлік келіп, құрылыс қоқыстарын лақтырғанын айтты.

Жоғарыда аталған екі жағдайда да заңды бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, енді олардың теріс қылықтары үшін айыппұл төлеуге тура келеді.

Полиция биылПавлодар облысының 4822 тұрғыны абаттандыру ережелерін бұзғанын, ол үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру