Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоқысын подъезге жинап қойған шымкенттік жауапкершілікке тартылды

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары өз әкімшілік аумақтарындағы тұрғындармен тығыз кері байланыс орнатып, жұмыстарын қарқынды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің бас полицейі “Учаскелік полиция инспекторы құқықтық тәртіп пен билік органдарының халыққа ең жақын, көмекке келуге әрдайым дайын өкілі болып табылады”, – деп учаскелік полиция инспекторларының халықпен күнделікті тікелей жұмысының маңызы туралы айтқан болатын.

Мәселен, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының №21 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы Асқар Бекжігітов өзіне қарасты әкімшілік аумақта тұратын тұрғындармен “Whatsapp” желісі арқылы арнайы чат ашып, құқық бұзушылық деректері туралы жедел ақпараттар алуды жолға қойған.

– Тұрғындар туындаған мәселелер бойынша ең алдымен учаскелік полиция инспекторына жүгінеді. Мәселен, кеше Қонаев көшесіндегі №63 үйдің тұрғыны подъезге қоқысын қалдырған көршілерінің іс-әрекетіне шағымданды. Келіп түскен хабарламаға сәйкес мән-жайды анықтадым. Аталған жайт бойынша пәтер иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргіздім, – дейді Асқар Бекжігітов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру