Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қорғау – Қауіпті жүргізуші”: Атырауда бір тәулікте 190-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Атырауда “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы бір тәулікте 190-ға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

26 тамыз күні патрульдік полиция қызметкерлері мен Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы қызметкерлері “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы қала аумағында рейдтік іс-шара өткізді.

Арнайы бағдарлама арқылы айыппұл төлеуден жалтарған, сақтандыру полюсі жоқ автокөліктер анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды.

– Бір тәулік ішінде “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы 50 автокөлік анықталып отыр. Бұл аталған автокөліктер 190-ға жуық құқық бұзушылық жасап, 2 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуден жалтарыпа жүргендер және де бұған қоса бір тәулік ішінде жалған нөмір таққан 2 автокөлік белгілі болды. Барлық анықталған автокөліктер арнаулы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта Армения, Ресей елдерінде тіркелген автокөліктерге қатысты сақтандыру полюсін алмай жүрген азаматтарға қатысты жұмыс жандандырылып, қатаң бақылауда, – дейді Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Бигамбаев.

Іс-шара кезінде сақтандыру полюсін алмаған 30 автокөлік анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру