Қосалқы дөңгелек ұрлаған күдікті анықталды
Қарағанды облысында кәсіпорындардың бірінен дөңгелек ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түскен. Белгісіз біреу мекемеге заңсыз кіріп, көліктердің бірінің қосалқы дөңгелегін ұрлап кеткен.
Шығын сомасы 230 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 32 жастағы күдікті ұсталды. Ол кінәсін мойындады.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.