Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мұқтаж отбасыға көмек қолын созды

Қызылорда облысының ПД Қазалы ауданының ПБ қызметкерлері көпбалалы, мұқтаж отбасыға азық-түлікпен көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел ішінде әлеуметтік жағдайы төмен түрлі отбасылар бары анық. Бастысы адамгершілік қасиетті жоғалтпай-қиналғанға қол ұшын созу.

Кеше Қазалы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыға азық-түлік пен шаруашылық заттарын алып барды.

 – Қиналғанға қол ұшын созу әрбіріміздің адами борышымыз. Оның ішінде халықтың санын көбейтіп, ел мүддесіне қызмет ететін ұл-қыздарды өсіріп отырған мұндай отбасыларға демеу көрсетуіміз керек. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында жұмыс істеп жатқанын білеміз. Бізде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, осылай көмек көрсетейік деп шештік. Бұл үрдіс полиция қызметкерлерінің арасында алдағы уақытта да  өз жалғасын табатын болады, – деді Қазалы ауданының ПБ бастығы Айбек Алиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру