Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзулин өңірдегі аудандарға іссапармен барып қайтты

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин Лисаков, Әулиекөл, Науырзым, Денисов және Б.Майлин атындағы ауданға жасаған іссапар барысында тәртіп пен парасаттылыққа бағдар салуды тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті жерлерге барып, ол ағымдағы жағдаймен, қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметімен танысты.

Қазіргі уақытта бөлімшелер қылмыстық құқық бұзушылықтарды барынша азайту бойынша жұмыс істеу үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген.

– Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты және сауатты жұмыс істеу қажет. Бұл жасөспірімдердің теріс қылық жасауына жол бермеу үшін, әсіресе жазғы кезеңде ювеналды полицияның жұмысына да қатысты. Бұл үшін осы салаға көп көңіл бөлу қажет, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.

Ерлан Файзуллин бөлімше басшыларына өз қызметкерлерінің тәртібімен жұмыс істеу және заңнаманы сақтау туралы нақты бұйрық берді. Сондай-ақ, «Полицияның сервистік моделі» аясындағы жұмыстың және халыққа сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

– Сервистік полиция – бұл халықпен тығыз ынтымақтастық.

Полиция жұмысы халыққа сапалы қызмет көрсетуге және қоғаммен әріптестікте қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс. Сервистік модельді дамытудың негізгі бағыттары қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай – ақ қадамдық қолжетімділік, – деп түйіндеді Ерлан Файзуллин.

Қазіргі уақытта ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмыстарын қажет еткен Денисов аудандық полиция бөлімі жергілікті бюджет есебінен жөнделіп жатыр.

– Полиция ғимараттарын жөндеу жұмыстары басталғаны маңызды. Өйткені көп нәрсе қызметкерлердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жұмыс жағдайына байланысты. Мұны жергілікті атқарушы органдар да түсінетіні қуантады, – деп атап өтті облыстық ведомство бастығы Денисов ауданының полиция бөліміне барған кезде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру