Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да “Парасатты полицей” апталығы қорытындыланды

Қостанай облысы ПД-да “Парасатты полицей” апталығы қорытындыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының полиция департаментінде “Парасатты полицей” тіл апталығының қорытынды іс-шарасы өтті. Қатысушыларды Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев құттықтап, ерекше көзге түскен қызметкерлерге грамоталар, естелік сыйлықтар мен гүлдер табыстады.

Тіл апталығы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді дәріптеуге, тіл мәдениетін арттыруға және Қазақстан халқының тілдеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Мұндай іс-шаралар ІІМ жүйесінде дәстүрлі түрде Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында және мереке аясында өткізіледі.

Қорытынды жиын апталықты түйіндеумен қатар, іс-шараларға белсене қатысқан қызметкерлерді марапаттауға мүмкіндік берді.

Бастамашылдығы мен тіл мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар полиция қызметкері грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ апталық барысында ерекше белсенділік танытқан департамент бөлімшелері де атап өтілді.

Салтанатты жиын шығармашылық бағдарламамен жалғасты. Сахнада әндер шырқалып, қатысушылар музыкалық өнерлерін ортаға салды. Марапат иелеріне грамоталармен және естелік сыйлықтармен бірге гүлдер табысталды.

“Парасатты полицей” апталығы аясында мемлекеттік тілге ерекше көңіл бөлінеді. Көпжылдық тарихы бар бұл жоба шеңберінде ІІМ полиция қызметкерлері арасында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге және оның мәртебесін арттыруға бағытталған байқаулар мен түрлі іс-шаралар өткізіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру