Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында бір тәулікте 3 үй өртенді

Қостанай облысы Арқалық қаласының аумағында 26 мамырда қала маңында және екі ауылдық елді мекендерде өрт шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Восточное ауылында өрт таңғы сағат 9:30-да болған. Жеке үйдің ауласында сарайдың жапсарлас құрылысының шатыры өртенді.

Ауыл әкімінің, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының жедел іс-қимылдарының арқасында екі бірлік техника мен бес адам арқасында өрт жарты сағат ішінде ауыздықталды. Өртті сөндіруге Восточное ауылы өрт сөндіру станциясы және “Восточное” ЖШС күштері жұмылдырылды. Бұл ретте халық пен үй жануарлары құрбандары жоқ. Өрттің алдын ала себеб і- отты абайсыз
пайдалану.

Фурманово ауылында шамамен сағат 18:20-да сарайдың шатыры өртенді. 40 минут ішінде өрт сөндіріліп үлгерілгенше құрылыс толығымен жанып кетті. Ауыл әкімінің, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының, Восточное және Фурманово ауылдарының жедел іс-қимылдарының
арқасында өрттің басқа құрылыстарға таралуына жол бермеді.

Өртті екі бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам сөндірді. Бұл жағдай құрбандарсыз болды. Өрттің алдын ала себебі 5-6 жастағы балалардың қараусыз қалып, сарайда сіріңкемен ойнауы болды. Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады.

Үшінші жану тікелей Арқалық қаласының маңында О. Қозыбаев даңғылында орын алған. Өрт себебі – балалардың отпен ойнауы. Жану терек мамығының тұтануы кезінде пайда болды. Бұл өрт
тұрғын үйге қауіп төндірді, себебі ғимараттың жанынан шыққан.

Құтқарушылардың жедел іс-әрекеттері ғимаратты және оның тұрғындарын аман сақтап қалды.

Осыған байланысты Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қала тұрғындарына өздерін, туыстарын қайғыдан қауіпсіздендіру үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды өтінеді. Өрт немесе жану белгілері анықталған жағдайда дереу “101”
немесе “112” телефондары арқылы хабарлаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру