Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді

Қостанай облысында соңғы төрт жылда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Биыл қылмыстың ауыр түрлері бойынша тұрақты төмендеу байқалады. Олардың қатарында кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және көлікті айдап әкету сиқты қылмыстар бар, — деп хабарлады Департамент бастығы.

Өңір үшін өзекті мәселе — мал ұрлығы болып қала беруде. Көптеген отбасылар үшін мал негізгі табыс көзі болып табылады. Биыл мал ұрлығының саны 30% – ға азайды. 189 ұрлықтың 124-і еркін жайылымда жасалған.

– Сондықтан мен облыс тұрғындарына 15 қазаннан бастап облыс мәслихаты бекіткен барлық мал иелері үшін міндетті Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелері туралы тағы бір рет ескерткім келеді, ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз қалдыру фактісі анықталған жағдайда мал иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралатын болады, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Статистика туралы әңгімені жалғастыра отырып, Бекет Аймағамбетов пәтер ұрлықтарының азайғанын хабарлады. Олардың саны шамамен 45% – ға азайды, сонымен бірге олардың ашылу деңгейі артты.

Мас күйінде және бұрын сотталған адамдар жасаған қылмыстар саны едәуір азайды. Жасөспірімдер қылмысы мен балаларға қатысты қылмыстардың деңгейі төмендеді.

Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыстар саны 40% – ға қысқарды.

Мұның барлығы жүйелі түрде жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарының нәтижелері болып табылады. Бірнеше жылдан бері облыста тұрғын үйлердің аулаларын жаяу патрульдеу тәжірибесі жалғасуда.

Биыл қылмыстың көптеген түрлерін, соның ішінде мүліктік сипаттағы қылмыстарды ашу деңгейі артты. Ауыр және аса ауыр қылмыстар қатарынан біз қарақшылық, қорқытып алушылық, бұзақылық, жас балаларды азғындыққа итермелеу, көлікті айдап кету қылмыстарын 100% – ға аштық.

Кісі өлтірудің 92% – ы, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің барлығы дерлік (98%) ашылды.

Биыл заңсыз айналымнан 473 келіден астам есірткі тәркіленді.

Барлық қылмыстық істердің жартысынан астамы электрондық форматта тергеледі, ал әрбір үшінші қылмыстық іс сотқа жеделдетілген тергеу тәртібімен жіберілді. Бұл үшін облыстың тергеу және анықтау бөлімшелері  қажетті техникамен және жабдықтармен 100%  қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру