Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері оқушылар мен атақты спортшылардың кездесуін ұйымдастырды

Қостанай облысының полицейлері оқушылар мен атақты спортшылардың кездесуін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарабалық оқушылары үшін полицейлер Қазақстанның атақты спортшыларымен кездесу ұйымдастырды: футболдан Қазақстан Республикасының чемпионы, “Тобыл” ФК спорт директоры – Нұрбол Жұмасқалиев. Бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Лондонда және Рио-де-Жанейрода өткен 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко мен бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Надежда Рябец.

Кездесу полиция қызметкерлері “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген күндері өтті.

Спортшылар балаларға алға қойған мақсаттарына жету жолдарын айтып берді.

Диалог ашық әрі шынайы өтті. Мектеп оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру