Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҰҚҚКБ қызметкерлері 19 жастағы тұрғыннан тіркелмеген қару тапты

ШҚО-да ҰҚҚКБ қызметкерлері 19 жастағы тұрғыннан тіркелмеген қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер облыс аудандары бірінің 19 жастағы тұрғынынан рұқсат құжаттарынсыз сақтаған қаруға ұқсас затты тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген қару 18*45 мм калибрлі Оса ұңғысыз травматикалық тапаншасы екені расталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адамға 5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру