Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері рейд барысында адамдарға демалу ережелерін еске салды

Қостанай полицейлері рейд барысында адамдарға демалу ережелерін еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғындарының түнгі уақытта мотоцикл дыбысына шағымдары полицияға үнемі келіп тұрады. Байкерлердің түн мезгілінде жиналатын орындарының бірі – қалалық жағажайға жақын аймақ.

Мотокөлік әуесқойларына қатысты әкімшілік шараларды қолданбау үшін полицейлер R-19 мотоклубының өкілдерімен профилактикалық әңгіме өткізді.
Оларға жол ережелерін сақтаудың маңыздылығы, мотоциклдерді басқаруда қорғаныс құралдарын қолдану керектігі еске салынды. Сонымен қатар, қала тұрғындарынан түскен шағымдарды ескере отырып, полиция қызметкерлері мотоцикл жүргізушілеріне түнгі уақытта тыныштық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылатыны туралы ескертті.

Қалалық жағажайдын аумағы қазір тәртіп сақшыларының назарында. Себебі онда демалушылар қоқыстарды қалдырып, түнде дауысы қатты муызка қойып, қоғамдық тәртіпті бұзады. Бұл жақын маңда тұратын Красный Кузнец және Колесные ряды көшелерінің тұрғындарына қолайсыздықтар туғызады. 

– Кезекті рейдте біздің Қостанай ПБ патрульдік полиция батальоны қала қонақтары мен тұрғындарын жағажай аумағындағы ЖҚЕ мен тазалықты сақтауға шақырды. Тағы да еске сала кетейік, бұл жер демалуға арналған.  Дрифт жасап, көлік жарысын өткізетін жер емес. Бұл ережелерді бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қарастырылады , – деп атап өтті Қостанай ҚП ЖПҚБ бастығы Талғат Жүсіпов.

Полицейлер жаздың басталуымен мотоцикл жүргізушілерін бақылауды күшейтті.
Облыс орталығында полицейлер жыл басынан бері 19 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтады. 120-дан астам ұсақ бұзақылық деректері ттіркеліп, 660-тан астам тыныштықты бұзушыларға айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру