Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда іздеуде жүрген пәтер ұрысы қамауға алынды

Қостанайда іздеуде жүрген пәтер ұрысы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түскі уақытта Қостанай қалалық ПБ кадрлар жөніндегі топтың аға инспекторы Чингиз Халиков Л.Беда көшесіндегі үйінің ауласында полицейлер іздестіріп жатқан пәтер ұрысы сипаттамасына сәйкес келген ер адамды байқады.

Жақында облыс орталығының аумағында ағымдағы жылдың мамырынан шілде айына дейін бес пәтер ұрлығы орын алды. Қаскүнемнің негізгі олжасы ақша мен алтын бұйымдар болды. Орташа алғанда, бір пәтерден келген шығын сомасы 500 мың теңгені құрады. Ең кішкентай “аулау” – 216 мың теңге. Қылмыскерді ұстауға Қостанай қаласы ПБ-ның барлық жеке құрамы бағытталған.

– Түскі уақытта мен қызыммен аулаға серуендеуге шықтым. Аулада жүргенде бейтаныс адамды көрдім. Ол маған біздің бағдарымызбен іздеп жатқан қылмыскерге ұқсас болып көрінді. Сондай-ақ бүйірінде сөмке болды, – дейді Чингиз Халиков.

Осыдан кейін кадр бөлімінің қызметкері криминалдық полиция қызметкерлеріне қоңырау шалды.

Аталған мекенжайға 20 минут ішінде Солтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілдері Казбек Кайратулы мен Булат Нуртазин келді.
Полицей қызметкерінің болжамдары барлық үміттерден асып түсті. Бірнеше ұрлық жасаған күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Ер адам алтын бұйымдар мен 650 мың теңге ақша қаражатын ұрлап үлгерді.

Пәтер ұрысы осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған Нұр-сұлтан қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Сонымен қатар мемлекетаралық іздеуде.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру