Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда “қонақ” тұрғынның екі алтын сақинасын ұрлап кетті

Қарағандыда “қонақ” тұрғынның екі алтын сақинасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 шілдеде 31 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу пәтерден 300 мың теңгенің екі алтын сақинасын ұрлап кеткен.

Анықталғандай, ұрлық бір апта бұрын жәбірленушінің пәтерінде қонақ болған кезде болған. Арызданушы кездейсоқ көшеде кездескен адамды үйіне қонаққа шақырған. Біраз уақыт қонақ болған ер адам кеткен соң, жеті күннен кейін үй иесі зергерлік бұйымдардың жоғалғанын білген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдікті – 24 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру