Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұялы телефон ұрламақ болған қарағандылық анықталды

Қарағандыда ұялы телефон ұрламақ болған адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілдеде Қарағанды ​​қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне белгісіз біреу көшелердің бірінде ұялы телефонды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірінші болып жеткен жергілікті полиция инспекторлары жәбірленушіні анықтап, мән-жайға қанықты. 32 жастағы жәбірленуші әйел орындықта отырып, жанына ұялы телефонын қойған. Кенеттен бір ер адам келіп, 49 мың теңгенің ұялы телефонын алып кетпек болған. Әйел бірден қарсылық көрсетіп, ұрының әрекеті іске аспай қалды.

Дереу іздестіруге кіріскен полиция қызметкерлері 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 24-188 бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру