Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда Lexus жүргізушісі ірі айыппұлмен ұсталды

Қостанайда Lexus жүргізушісі ірі айыппұлмен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай полицейлері жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған, әкімшілік жауапкершілікке тартудан жалтарған адамдарды анықтады. Әкімшілік айыппұл бойынша жарты миллион теңге қарызы бар облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Полицияда құқық бұзушылардың көлік құралдарын ұстау үшін “EkinPatrolG2” және “Автоураган-іздестіру” автоматтандырылған кешендері пайдаланылатынын атап өтті. Қостанайда ресейлік есептегі Lexus автокөлігінің иесіне жарты миллион теңгеге жуық сомаға 38 бұзушылық тіркелген.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі “Міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтару” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

23 тамызда тәртіп сақшылары 191 мың теңгеден астам сомаға 25 бұзушылық тіркелген ресейлік есептегі Opel автокөлігін ұстады.

– Жыл басынан бері облыс бойынша 10-нан 20-ға дейін өтелмеген әкімшілік айыппұлдары бар 20-дан астам көлік құралы және 20-дан 50-ге дейін айыппұлдары бар 7 көлік құралы ұсталды. Барлығы 822 жүргізуші ұсталып, оларға жалпы сомасы 21 млн.теңгеге айыппұл төлеу туралы 1908 хабарлама берілді, – деді облыстық ПД Әкімшілік полиция бастығы Андрей Григоревский.

“EkinPatrolG2″ және” “Автоураган-іздестіру” кешендерінің “қара тізімдеріне” шет мемлекеттерде тіркелген және әкімшілік айыппұлдарды өтеуден жалтарған 3 973 белгісіз автокөлік құралдары енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру