Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицияның халықпен есептік кездесуі өтті

Қостанай қаласында полиция департаменті басшылығының қатысуымен есептік кездесу өтіп, онда қоғамдық тәртіптің жай-күйі талқыланып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин өз баяндамасында соңғы бес жылда өңірдегі қылмыс деңгейі 40%-ға төмендегенін атап өтті - 8209-дан 4926 құқық бұзушылыққа дейін.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 48%-ға, сондай-ақ орта және жеңіл санаттағы құқықбұзушылықтар 38%-ға қысқарған.

Қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын құқықбұзушылықтар саны да екі есеге жуық азайған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2,1 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жәбірленушілерге 2,9 млрд теңгеден астам материалдық шығын өтелген.

Сонымен қатар профилактикалық жұмыстың күшеюіне байланысты 364 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілгені атап өтілді.

Кездесу барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар айтылды.

Ашық диалог форматында өткен жиын тұрғындарға өз сұрақтарын тікелей қойып, полиция өкілдерінен жан-жақты жауап алуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру