Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда сот шешімін орындаудан жасырынған шетелдік ұсталды

Қостанайда сот шешімін орындаудан жасырынған шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот шешімін орындаудан жасырынған шетелдік Қостанай қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары кешендерінің арқасында ұсталды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР шегінен одан әрі мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін 30 тәулік мерзімге бас бостандығын алдын ала шектеу қолданылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Өзбекстан азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР шегінен шығарып жіберу түрінде жазаға тартылған еді. Шешімді өз еркімен орындау үшін оған 10 күн берілді.

Алайда осы уақыт ішінде Өзбекстан азаматы ҚР аумағын өз бетінше тастап кетпеді және бір жылдан астам уақыт сот шешімін орындаудан жасырынып келген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру