Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда спорт мектебінің тәрбиеленушілері арасында есірткіге қарсы спорттық іс-шара өтті

Қостанайда спорт мектебінің тәрбиеленушілері арасында есірткіге қарсы спорттық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласының шаңғы базасында балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері арасында шаңғы тебуден жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараны Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бірлесіп ұйымдастырды.

Спорттық іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу.

– Жастардың денсаулығы – бұл ең алдымен еліміздің салауатты болашағы. Қазір сіз табысты адамдардың бейнесін көрсетіп жатырсыз. Спортқа деген сүйіспеншілікті ояту және белсенді өмір салтын ұстану-біздің міндетіміз, – деді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкері Айгүл Ераділова жасөспірімдерге.

Шаңғы жарысына спорт мектебінің 70-тен астам тәрбиеленушісі қатысты. Қатысушылар ең жақсы нәтижелерді көрсетуге тырысты.

– Біздің тәрбиеленушілер елімізде қысқы спорт түрлері бойынша көшбасшы орынға ие. Қостанайлық спортшылар Олимпиада ойындарына қатысу үшін Ұлттық олимпиадалық құрамаға тұрақты түрде кіреді. Бұған мысал ретінде біздің тәрбиеленушіміз Полина Омельчук қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанға екінші медаль алып келді. 1000 метр қашықтықта өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді, – деп атап өтті №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшысының оқу бөлімі бойынша орынбасары Любовь Кулешова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру