Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда учаскелік инспекторлар халық алдында есеп берді

Қостанайда учаскелік инспекторлар халық алдында есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 сәуір күні облыс орталығындағы қалалық мектепте Текстильщик аудандық учаскелік полиция инспекторлары халықпен жиын өткізді. Учаскелік полиция қызметкері Данияр Байкенов тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

– Осы жылдың бірінші тоқсанында әкімшілік учаске аумағында 48 қылмыс жасалды, оның 65%-дан астамы ұрлық пен интернет алаяқтықты құрайды. Қазіргі уақытта есепте тұрған 302 адаммен алдын-алу жұмыс жүргізілуде, оның ішінде биыл 125 адам есепке қойылды, – деді Данияр Байкенов.

Сонымен қатар, баяндамада анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың статистикасы, мас күйінде қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған алдын алу шаралары және “мүлдем төзбеушілік” қағидаты қалай жұмыс істейтіні айтылды. Солтүстік полиция бөлімінің жергілікті полиция бастығы Мәди Файзуллин учаскелік полиция инспекторлары қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Бұл полиция жұмысының сервистік моделіне көшу және халықпен тиімді серіктестік орнату, “полицияның қадамдық қолжетімділік” және “халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаттарын іске асыру, құқық бұзушылықтардың, әсіресе, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Кездесу соңында қатысушылар мәселелік сұрақтар қойды.

Мысалы, 4 шағын ауданның тұрғыны көктемде ауданда белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар көп болатын жағдайға алаңдаулы.

– Осы санаттағы тұлғалар құқыққа қайшы әрекеттер жасаған жағдайда, 102 пультіне немесе Текстильный УПТ-не дереу хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар, қала аумағында қабылдау-тарату орны жұмыс істейді, – деп жауап берді учаскелік полиция қызметкері Данияр Байкенов.

Учаскелік полиция инспекторларының есептері өңірде сәуір айынан басталып, айдың соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру