Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер шағын футболдан мектепаралық жарыс өткізді

Мақтааралдық полицейлер шағын футболдан мектепаралық жарыс өткізд, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Балалар жылында” Мақтааралдық полицейлердің ұйымдастыруымен Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл мектебінде шағын футболдан мектепаралық жарыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалықты қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстауға шақыру.

Мектепаралық оқушылар арасында өткен шағын футболдан турнирге алты команда қатысты. Жарыс қызықты, тартысты өтті.

Нәтижесінде, озық ойын көрсеткен Үкібаев жалпы орта мектебінің оқушылары I-ші орынды иеленді. Ал II-ші орынды С. Мұқанов атындағы №40 мектеп оқушылары, III-ші орынды №38 жалпы орта мектебінің оқушылары жеңіп алды.

Жүлделі орынды иеленген командалар Мақтаарал АПБ бастығының дипломы және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Полицейлер жас буындарға керемет ойын көрсеткендері үшін алғыстарын айтты және жасөспірімдерді тек пайдалы істермен шұғылдануға, спортпен айналысуға, теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру